Мектеп және колледж педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарына шақырамыз

Құрметті әріптестер!

 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Құзыреттілік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген келесі тақырыптар бойынша мектеп және колледж педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарына шақырады:

  • «Құқық негіздері» пәнін оқыту әдістемесі»

Тыңдаушылар санаты: Құқық негіздері пәнінің мұғалімдері

Сағат саны: 72

Оқыту нысаны: аралас

Оқыту тілі: қазақ

  • «ГАЖ және карта жасаудағы негізгі бағдарламалар»

Тыңдаушылар санаты: мектеп мұғалімдері

Сағат саны: 72

Оқыту нысаны: аралас

    Оқыту тілі: қазақ

  • «AI-ді оқу үрдісінде қолдану»

Тыңдаушылар санаты: жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлері, білім беру менеджерлері

Сағат саны: 72

Оқыту нысаны: аралас

Оқыту тілі: қазақ

  • «Python бағдарламалау тілі»

Тыңдаушылар санаты: жалпы орта білім беретін мектептердің «Информатика» пәні мұғалімдері

Сағат саны: 72

Оқыту нысаны: аралас

Оқыту тілі: қазақ

  • «Бастапқы әскери дайындық: теориялық және практикалық негіздер»

Тыңдаушылар санаты: «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні оқытушы-ұйымдастырушылары

Сағат саны: 80

Оқыту нысаны: аралас

Оқыту тілі: қазақ

Курс соңында тыңдаушылар:

  1. Оқытылатын пәндердің мазмұнын, құрылымын және оқытудың дидактикалық негіздерін меңгереді;
  2. Курс барысында әзірленген оқу материалдарын өз тәжірибесінде және жұмыс орнында қолдана алады;
  3. Оқу үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана алады;
  4. Педагогикалық қызметінде критериалды бағалау жүйесін қолдана алады.

 

Қорытынды құжат: біліктілікті арттыру сертификаты.

 

Байланыс үшін:

Тел.: 8 (7112) 50-41-51, +7 747 742 17 78

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мекенжайы: Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің №8 оқу ғимараты, Құзыреттілік орталығы, 303-кабинет.

Our address

Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162

tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.