Инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды

Педагогика факультетінде ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге арналған бірнеше жаңа мамандандырылған кабинеттер ресми түрде іске қосылды:

  • Сенсорлық интеграция кабинеті
  • «Қолдау» бейімдік қозғалыс кабинеті
  • Монтессори кабинеті

Жаңа кабинеттер студенттердің оқу процесіне тең дәрежеде қатысуына жағдай жасап, олардың сенсорлық, моторлық, танымдық және эмоционалдық дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұнда білім алушылар практикалық дағдыларын шынайы ортада дамыта алады, ал болашақ педагогтар сенсорлық интеграция, бейімдік қозғалыс, логопедиялық және психологиялық түзету бойынша тәжірибе жинайды. Бұл кабинеттер студенттердің оқу жетістігін арттыруға, әлеуметтенуіне және шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Our address

Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162

tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.